Биыл облыстық бюджеттен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін 776 миллион 850 мың теңге бөлінді. Қаражаттың тең жартысы «Идеал» сауда желісіне бір жылға серіктестікпен берілсе, қалған бөлігінің қайда жұмсалатыны алдағы уақытта белгілі болмақ.
Сондай-ақ, сауда орындарын 605 тонна көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін шаруа қожалықтарымен келісім жасалған.
Мейрамбек АУХАДИЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
«Идеал» маркет серіктестігімен әлеуметтік маңызы бар тауаларды шекті бағадан төмен ұстау негізінде келісім-шарт жасақталған болатын. Бұл жұмыс «Идеал» ЖШС-ның облыстағы 36 сауда нүктесі арқылы жүзеге асып отыр. Бағаны негізсіз өсіру жіті қадағаланып отыр.
Маманның айтуынша, қолға алынған жұмыстарға қарамастан құнын өсірген азық-түлік те жоқ емес. Мысалы, облыс бойынша қарақұмық пен жұмыртқаның бағасы көтерілген. Оған биыл жергілікті өндіріс көлемінің төмендеуі себеп болып отыр.