Атыраулық биснесмендер құжат дайындау барысында мемлекеттік органдар тарапынан пара дәмету жағдайына жиі жолығатын көрінеді. Осыған байланысты жыл басынан бері 10 қылмыстық іс анықталып, 10 мемлекеттік қызметші сотталған.
Мұндай мәселелердің алдын алуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Prоtecting Business and Investments жобасы көмектеспек. Ол үшін кәсіп иесі департаментпен меморандумға қол қоюы керек.
Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі АОД басшысының бірінші орынбасары:
Prоtecting Business and Investments жобасы аясында кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен өткен жиналыста кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі және олардың мәселелерін шешуге қалай көмектесетініміз туралы сөз қозғадық. Агенттік қазір 18 инвестициялық жобаға қолдау көрсетеді.