Алғаш рет KTZ Express компаниясы полипропиленді Түркіменбашы портынан Қытайдың Циндао қаласына Каспий теңізінің Ақтау порты арқылы жеткізді.
Алғашқы 12 метрлік полипропилен контейнерлерінің 48-і теңіз арқылы Түркменбашы портынан Ақтау портына 24 сағат ішінде жеткізілді. Одан әрі жүк Қытайға жету үшін Қазақстанның шекара маңындағы Алтынкөл станциясына жөнелтілді. Пойыз 7 500 шақырым қашықтықты 10 күнде жүріп өтеді.
Осы пилоттық жұмыс оң нәтиже берсе, полипропиленді теңіз көлігімен тұрақты жеткізуді жол ашып беру мүмкін. Жобаға қатысушылар бұл бағытты оңтайлы және экономикалық тиімді болатынын, сондай-ақ, Қазақстан мен Түрікменстан порттары арқылы өтетін жүк көлемін арттыруға серпін беретінін атап өтті.