«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында маңғыстаулық медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді.
Нақтырақ айтқанда, өңірге 10 оттегі концентраторы және 40 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа «Shevrolet Damas» маркалы 4 жедел жәрдем көлігі берілді.
Сәкен МЫРЗАҚҰЛОВ, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Біз аймақтағы медициналық мекемелерді қолдап жатқан барлық ұйымдар мен ел қамын ойлаған жандарға алғыс айтамыз. Карантиннің алғашқы кезінде біз қиындықтарға тап болдық. Қазір де екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Біздің ынтымақтастығымыз өз жалғасын табатынына сенімдімін.