Жаңа форматтағы оқу жылының басталғанына екі апта өтті. Қазір бүлдіршіндердің басым бөлігі онлайн тәлім алып жатыр. Ал кезекші сыныптағы оқушыларға санитария талаптарын сақтау міндеттелген.
№1 қалалық емхананың бас дәрігерінің айтуынша, екі жұмада балалардан коронавирустың белгілері байқалмаған. Дегенмен осы аптада жоспарлы түрде оқушылардың денсаулығы тексерілмек. Осы және өзге де мәліметтер Атырау-Ақпарат медиахолдингының баспасөз клубында өткен брифингте айтылды. Жиында 2-ші толқынға дайындық жұмыстары талқыланып, қыркүйектің соңында үш ірі ауруханаға өкпені жасанды желдету құрылғыларының қолданысқа берілетіні айтылды. Қазір 95 дәрігер арнаулы дайындықтан өтуде, олардың арасында 13 реаниматолог, 9 резидент және басқа да мамандар бар. Айта кетейік, қала бойынша өкпені жасанды желдету аппаратының 28-і жұмыс істеп тұр.