Құлсарыда фермердің өліміне қатысы бар деген екінші күдікті ұсталды. Полицейлер 1967 жылғы жергілікті тұрғынды қолға түсірген.
Қазір жедел-тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салсақ, жоғалған азаматтың денесі Құлсарыдан 100 шақырым жердегі шұңқырдан табылған еді. Қылмысқа қатысы бар деген алғашқы күдіктіден 16 калибрлі атыс қаруы тәркіленді. Қазір қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.