Сомали астанасы Могадишода терроршы өзін жарып жіберді. Оқиға перзидент сарайы маңындағы мейрамхана жанында болған.
Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, олардың біреуі – бала. Тағы 7 тұрғын жарақат алған.
Әзірге террорлық ұйымдардың ешқайсысы жарылысты өз мойнына ала қойған жоқ. Ал Үкімет өкілдері мұны «Әл-Шабаб» экстремистік тобының әрекеті деп болжап отыр.