Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
– Қазіргі уақытта интернет бізге көмектесетін бірінші қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан күн сайын байланыс операторлары бірігіп, еліміздегі интернет аумағын ұлғайту үшін жұмыс жүргізуде. Республика бойынша 6 459 ауылды аймақтар бар. Оның 4 646-сында әртүрлі технологияларды қолдана отырып, интернетке қолжетімділік қамтамыз етілген.
Оның айтуынша, осы айда 150 елдімекенге сапалы мобильді интернет қосылды. Қалған 778 ауыл жыл соңына дейін қосылатын болады. Нақтырақ айтқанда, қазан айында 204, қараша мен желтоқсанда 473 ауыл сапалы интернетке қол жеткізбек.