Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 347 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы 28 575 адам дер жұқтырса, 317 науқас қайтыс болды. Ал жазылып шыққандардың саны 6 605 жетті.
Атырау облысы бойынша 8 адамнан коронавирус белгілері анықталған. Сондай-ақ, бірнеше күннен бері ауру байқалмай келген Маңғыстау өңірінен 2 науқас тіркелді.