Атырау облысында мұнай кен орны сатылымға шықты. Құны көптің назарын аудармай қоймады, бақандай 50 миллиард теңгеге бағалаған.
135 млн тоннадай қоры бар кәсіпорын шұлықпен бірге сатылып, жарнамалық сайттың шырайын келтірген. Ал энергетика министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне сәйкес, сатылымның заңдылығын жоққа шығарды. Оның үстіне, үлкен көлемді қоры бар кен орны Атырауда мүлдем тіркелмеген. Соған қарағанда, жарияланған жарнама әзіл болуы мүмкін екені айтылды.