Өңірде карантиндік шектеулер жеңілдетілгелі бірқатар жұмыс орны жанданды. Бұл тізімге автовокзал, қала және ауданаралық көлік қатынасы да қосылды.
Дегенмен санитария талаптарын сақтау міндетін ешкім кейінге қалдырған жоқ. Бетперде тағу, кіріп-шыққан сайын дене қызуын тексеріп, қолды залалсыздандыру тәртібі сол қалпында қатаң күйде сақталмақ.
Ерлан СӘРСЕНҒАЛИЕВ, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
– 3 қыркүйектен бастап Атырау облысы аумағында облыстық бас санитардың қаулысына сәйкес облыстық маршуттар өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, Атырау–Құлсары, Атырау–Индер, Атырау–Махамбет, Атырау–Мақат бағытында жол жүрушілер автобекетке кірерде міндетті түрде термометрия және санитарлық шараларға байланысты бекітілген шараларды сақтауға міндетті.