Коста-Рика ғалымдары жылқылардан алынған антиденелер негізінде коронавирусты емдеудің арзан әдісін сынауды бастайды. Біраз уақыт бұрын жылқыларға COVID-19 тудыратын SARS-Cov-2 вирусы егілген еді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Препаратты сынауға 26 пациент қатыспақ. Дәріні Коста-Рика университетінің Клодомиро Пикадо институты (ICP) әзірлеген. Коста-Рика билігі зерттеудің екінші кезеңі сәтті өтсе, дәрі-дәрмекті ауруханаларда кеңінен қолдануға үмітті. Бүгінде Коста-Рикада коронавируспен ауыратын 471 науқас стационарлық ем қабылдауда. Мұндай зерттеулер Аргентина мен Бразилияда да жүріп жатыр.