Мұнайлы өңір халқы 650 мыңға жетті. Тұрғындар өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артып, Атырау облысы елорда, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстаудан кейінгі бесінші орынға тұрақтады.
Облыс халқының тең жартысы ауылдық жерде тұрады. Олардың ең көп қоныстанған аудандары — Жылыой, Құрманғазы және Индер. Сонымен қатар, туу коэффициенті де өсіп отыр.
Маржан ӘКІМОВА, Атырау облыстық статистика департаментінің басқарма басшысы:
—Облыс халқы жыл басынан бері 6 423 адамға немесе 1,3 пайызға өскен болатын. Қаңтар-шілде айында 9 821 сәби дүниеге келді. Өткен жылмен салыстырғанда, 30,4 пайызға немесе 180 сәбиге артық.
Ал ел тұрғындарының саны бірінші тамыздағы мәліметке сәйкес, 18 миллион 768-ге жетіп отыр.