Германия полициясы Золинген қаласындағы бес баланың өліміне қатысты қылмысты тергеп жатыр. Балалар өліміне анасы кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы «Euronews» хабарлады.
Полицияға балалардың әжесі хабарласқан соң, тәртіп сақшылары аталған үйді тексеруге келгенде 3 қыз бен 2 ұлдың мүрдесін тапқан. Ал анасының пойыз астына түспек болған ойы жүзеге аспай, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Әйелмен бірге оның алтыншы баласы – 11 жасар ұлы болған. Абырой болғанда, оған ешқандай зиян келмеген. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Күдікті әйел қазір полицияның күзетінде. Жантүршігерлік қылмысты ашуға 40-қа жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылған.