Пандемияның алдағы екі жылға созылу қаупі бар екенін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында айтып, оған дайын болуға шақырды.
– Біз азаматтарымыздан ештеңені жасырған жоқпыз. Індеттен қайтыс болғандардың көрсеткіштері туралы ақпаратты ашық жариялап, ащы да болса шындықты айттық. Босаңсуға әлі ерте. ДДСҰ болжамдары бойынша, пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет, – деді Президент.