CaspianLife. 27 қазан. Қызылорда қаласында өткен театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXI республикалық фестивалінде Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын иеленіп және 1 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды!
Фестивальде театр ұжымы А.В. Сухово-Кобылиннің «Іс №20/25» трагифарсын сахналап, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Театр ұжымын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!



