CaspianLife. 21 қазан. Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы директоры Асқар Ұмаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Осыдан бірнеше күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы қызметінен босатқан болатын. Қызметтің жаңа басшысы болып Қанат Құлшыманов тағайындалды.
Асқар Ұмаров 1976 жылғы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Израиль мен Польшада тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1997 жылы Республикалық мәдениет мәселелері орталығында бастаған. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп, ақпарат агенттіктері мен мемлекеттік ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Әр жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін басқарған, вице-министр, кейін Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі болған.
Фото: sputnik.kz

