CaspianLife, 30 қыркүйек. Атырау қаласының әкімі болып “Атырау” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Данияр Таханов тағайындалды.
Данияр Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
2003-2007 жылдары Қытай мұнай университетінде іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2007-2009 жылдары аталған университетте экономика саласында магистратурада білім алып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының Қытайдағы өкілдігінде мұнай жабдықтары бөлімінің менеджері қызметінен бастады.
2009-2010 жылдары «НГСК КазСтройСервис» АҚ-да жобаны басқару жөніндегі көмекші – халықаралық және арнайы жобалар бойынша бас директордың орынбасары қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары осы компанияның Атыраудағы халықаралық және арнайы жобалар департаментінде сатып алу жөніндегі менеджер болды.

