CaspianLife, 30 қыркүйек. Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.
2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Ти Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.

