CaspianLife, 22 қыркүйек. Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.
Осы тұста MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылғанын айта кетейік.
Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.

