Биыл «Мектепке жол» акциясы Atamekenim.kz порталы арқылы жүзеге асады. Аталған порталға Атырау облысы бойынша әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын отбасы балалары туралы мәліметтер енгізілді. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі хабарлады.
Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетудің бұл жаңа форматы өткен жылдан бері қолданыла бастады. Порталдың ерекшелігі – көмекке мұқтаж ата-ана баласының мәліметін ЖСН арқылы тіркеп, тізімге енгізе алады.
Алмагүл Қайырлиева, Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы:– Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, ерекше білімді қажет ететін 11 187 оқушы бар. Оның 3641-іне киім-кешек пен қаржылай қолдау көрсетілді. Тамыз-қазан айында 8100 балаға көмек көрсетілу жоспарланған.
Облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын отбасыдағы оқушылардың жалпы саны – 9607.