CaspianLife, 11 тамыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, облыс бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірлері арасында алдыңғы қатарға шыққан. Өсім 4,9 есені құрады. Жергілікті мамандар мұндай динамиканы инфекцияны ерте анықтау жұмыстарының күшеюімен байланыстырады.
Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мәліметінше, былтыр жыл бойы 20 жағдай анықталса, биыл алғашқы алты айдың өзінде 22 жағдай тіркелген. Науқастардың арасында бір бала бар.
Мерез (сифилис) — негізінен жыныстық жолмен берілетін қауіпті созылмалы инфекциялық ауру. Ол теріні, шырышты қабаттарды, ішкі ағзалар мен жүйке жүйесін зақымдайды.
Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің директоры Мира Бердешева мұндай инфекциялық аурулар кезең-кезеңімен шарықтау шегіне жетіп, кейін төмендейтінін, бұл осы патологиялардың табиғатына тән құбылыс екенін атап өтті.
— Мерездің қауіптілігі — кейбір науқастарда оның белгілері анық байқалады. Мысалы, денеде бөртпе пайда болуы, шаштың түсуі және басқа да белгілер болуы мүмкін. Ал кей адамдарда ауру мүлдем симптомсыз өтеді. Дегенмен бактерия адам ағзасына түскен сәттен бастап оны біртіндеп іштен зақымдай бастайды. Бұл ретте адам инфекция таратушы болып қала береді, — деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар соңғы жылдардағы ұзақ мерзімді статистика аурушаңдықтың керісінше төмендеп келе жатқанын көрсетеді.
- 2021 жылы — 72 жағдай;
- 2022 жылы — 55 жағдай;
- 2023 жылы — 36 жағдай;
- 2024 жылы — 34 жағдай;
- 2025 жылы — 20 жағдай.
Жаркынай ҚАНАТОВА

