CaspianLife, 28 шілде. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері жұмыс сапары барысында «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен және мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесті.
Кездесуде партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, мұнай-газ саласын дамыту, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және білікті жас кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.
Басқосу барысында Атырау облысының ел экономикасындағы стратегиялық рөлі айтылды. Сондай-ақреспубликалық сайлауалды штабтың өкілдері энергетикалық қауіпсіздікті күшейту, мұнай-газ химиясы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық кәсіпорындар мен сервистік компанияларды қолдау, өндірісті цифрландыру және жаңа сапалы жұмыс орындарын құру бағыттарына назар аударды.
Партия өкілдерінің айтуынша, энергетикалық тұрақтылық пен өндірістің тиімділігін қарттыру – сайлауалды бағдарламаның маңызды басымдықтарының бірі. Сонымен қатар партия елде лайықты жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктері және тұрақты жұмыспен қамтылуы бар бір миллион сапалы жұмыс орнын құруды мақсат етіп отыр.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

