CaspianLife. 13 шілде. Осы жылдың маусым айында Атырау облысындағы халықтың саны 718 250-ге жетті. 393 727-і қалада, 324 523-і ауылдық жерде тұрады. Ұлттық статистика бюросы таратқан ресми мәлімет осылай дейді. Қалада тұратын жандардың үлесі 54,8%. 2026 жылдың басынан бері облыс халқының саны 0,3%-ға немесе 2179 адамға көбейген. Ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға немесе 4 175 адамға артты.
Мәдина ҚҰРМАНБАЕВА, ҚР Ұлттық статистика бюросы АОФ бөлім басшысы
Халықтың 355 806 – ер адамдар, 362 444 – әйел адамдар, немесе әйелдер халықтың 50,5%-ын құрайды. Ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 0,7% болып, халық саны 4 175 адамға көбейді.
Атырау облысы халық саны бойынша Қазақстандағы 20 өңірдің, яғни 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ішінде 13-орында тұр.

