Бейнеу ауданындық ауруханасындағы жұқпалы ауруларға арналған бөлімнен коронавирус жұқтырған соңғы адам жазылып шықты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабар таратты.
Осыған дейін ауданда 384 науқас тіркелсе, оның 203-і симптомсыз болған. Олардың барлығы сол жерде ем қабылдаған.
Ауру жұқтырғандардың бәрі толық жазылып шыққан соң, қазір орталықтағы 150 орын қысқартылып, қаупісіздік мақсатында 30 орын ғана қалдырылған.
Берік АБДУЛЛАЕВ, аудандық аурухананың бас дәрігері:
– Бүгін соңғы науқасты шығарып салдық. Науқастарға жәрдем беру үшін күні бойы жұмыс жасадық. Басында қиын болғанмен, кейін оны да жеңіп шықтық. Бізде тәжірибелі дәрігерлер көп, мен солардың барлығына алғыс білдіремін.
Бас дәрігердің айтуынша, 60-ты еңсерген соңғы науқас 6-тамыз күні ауруханаға түсіп, екі аптаға жуық уақытта толық жазылып шыққан. Дегенмен біраз уақытқа дейін дәрігерлердің бақылауында болмақ.