Қазақстан ең бақытты елдердің ішінде 50-орынға тұрақтады. Мұндай мәлімет әлемнің 150-ден астам елін қамтитын бақыт деңгейі рейтингінде көрсетілген.
Өткен жылы біздің мемлекет 60-шы орында болған еді. Қазір Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения тұрғындарына қарағанда бақытты екенбіз. Әсіресе, ауылдық жердегілердің төрт құбыласы тең көрінеді. Қала тұрғындары да өздерін бақытты сезінетінін айтты.
Рейтингте тұрғындардың азаматтық бостандықтарынан бастап, отбасындағы тұрақтылықтарына дейін есептеліпті. Біреу үшін бақыт – қауіпсіздік пен болашағына деген сенімділік болса, енді біреулер үшін – жайлы жұмыс, жақындарының амандығы.
Ал Атырау тұрғындары шын бақыт – бала мен оның денінің саулығында деп жауап берді.