Caspianlife, 18 маусым. Маңғыстау облысының тұрғындарын шегірткенің көбеюі алаңдатып отыр. Мамандардың айтуынша, биыл жауын-шашынның мол түсуі зиянкестердің жаппай көбеюіне әсер еткен. Өңір бойынша шегірткеге қарсы жалпы көлемі 11 мың гектардан астам аумақты өңдеу жоспарланған, оның жартысына жуығы қазірдің өзінде залалсыздандырылды.

