Caspianlife, 21 мамыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады.
Заң жобасының негізгі мақсаты — сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіру және сайлау заңнамасының сақталуын күшейту.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, кандидаттардың сайлау қорларынан тыс қаржыландыру тартқаны немесе сайлау қорынан төленбеген өзге де материалдық көмекті пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізіледі.
Сонымен қатар заң жобасындағы бірқатар өзгеріс конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, құжаттағы нормалар бір палаталы жаңа Парламент — Құрылтайдың құрылуына байланысты өзгерістерге сәйкестендірілген.
Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты конституциялық нормалар да ескерілген.

