CaspianLife, 8 мамыр. 26 маусымнан бастап Ақтау мен Қытайдың Үрімші қаласы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. Жаңа бағытты қазақстандық лоукостер әуе компаниясы FlyArystan Airbus A-320 ұшағымен орындайды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Ақтау халықаралық әуежайының мәліметінше, жаңа рейс Маңғыстау өңірі мен Қытай арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жолаушылар үшін халықаралық сапарларды қолжетімді әрі ыңғайлы етпек.
Рейстер аптасына екі рет орындалады. Ақтаудан Үрімшіге сейсенбі және жұма күндері орындалады.
Ұшу уақыты: 20:10
Қону уақыты: 03:05
Ал, Үрімшіден Ақтауға рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Ұшу уақыты: 04:05
Қону уақыты: 05:40
Жаңа бағыт жолаушыларға Қытайға тікелей қатынауға мүмкіндік беріп қана қоймай, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға да оң әсерін тигізеді.
Айта кетейік, барлық уақыт жергілікті уақыт бойынша көрсетілген.

