CaspianLife, 27 сәуір. Атырауда туристік полиция қызметкерлері Швейцария мен Германиядан келген саяхатшыларға көмек көрсетті.
Шетел азаматтарына қалада бағыт-бағдар алу үшін қажетті ақпарат беріліп, Қазақстан аумағында мобильді байланыс қызметтерін пайдалану, қауіпсіздік талаптары және туристерге маңызды өзге де мәліметтер түсіндірілді. Шетелдік қонақтар көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдіріп, Қазақстандағы қонақжайлық пен қауіпсіздік деңгейін жоғары бағалады.
– Бұл ел бізге үлкен әсер қалдырды, оны міндетті түрде өз елімізде ұсынамыз, – деп әсерлерімен бөлісті туристер.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, туристік полицияның негізгі міндеті – шетелдік және отандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жан-жақты ақпараттық қолдау көрсету.