CaspianLife, 14 сәуір. Сапар барысында «Дарын» балабақшасы мен Жайық-Бином және Ә.Жангелдин атындағы мектепті аралап, білім беру сапасы, оқу процесі және материалдық-техникалық базамен танысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Министр мектепке дейінгі білім беру деңгейін оң бағалап, цифрландыру, оқушылар қауіпсіздігі мен оқыту сапасына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында ұстаздар бастауыш сынып оқулықтарының мазмұнына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Министр бұл мәселелерді назарға алып, нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ педагогтердің жүктемесін азайту, артық есептілікті қысқарту және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатыны айтылды.
Бұдан бөлек, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаларын қоғам өміріне кеңінен енгізу мәселесі талқыланды.

