Коронавирусқа қарсы тиімді вакцина жасау мен оны өндіруге кем дегенде 100 миллиард доллар жұмсалады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданам Гебрейюс мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда тәжірибелік 9 вакцина клиникалық сынақтың екінші және үшінші кезеңінен өткізілуде. Препараттың сәтті шығуы үшін жобаны тиісті деңгейде қаржыландыру керек.
Сондай-ақ, ол бейсенбі күні өткен брифингте халықаралық валюта қорының бағалау деректерін жариялады. Аталған есепке сәйкес, пандемия әлемдік экономикаға айына 375 миллиард доллар шығын әкеледі. Екі жыл ішіндегі жалпы шығын 12 трлн доллардан асады.