Қала жастары бір ай бұрын жөндеуден өткен скейт-парктың сапасыздығына шағымдануда. Өзі былтыр ғана салынған алаң содан бері сыннан көз ашпай келеді. Құрылысшылардың да «бәрін реттейміз» деген сөзі іс жүзінде расталмай шықты.
Иван РЕСНОВ, қала тұрғыны:
– Тіпті саябақты жабуға да тура келген. Жұмысшылар бізге бөлінген қаражаттың аздығын айтқан болатын. Сондықтан керемет дүние күтпедік те. Бәрін асығыс жасап тастаған. Бұрынғы күйінен түк айырмашылық жоқ.
Аталған мәселе туралы құрылысшылардың өзінен сұрағанда мардымды жауап болмады.
Абай ХАМИДУЛЛА, мердігер мекеме директорының орынбасары:
– Егер бетон тым сапасыз болса, ендігі үгітіліп кетуші еді. Аздаған кем-кетік бар болар. Бірақ оларды алдымен қарап, тексеру керек.
Бұл мәселеде билік тарапынан бүйректен сирақ шығаруды байқауға болатын сияқты. Құрылысшылар саябақ ешкімге тиесілі емес деп отыр.
Абай ХАМИДУЛЛА, мердігер мекеме директорының орынбасары:
– Скейт-саябақ ешкімдікі де емес, бір жылдан асты, міне, мемлекеттік акті әлі жоқ. Әрі-бері шауып, жауапты мекемелерге бардық. Нысанды белгісіз біреулер пайдаланады. Ал біз енді мұнымен айналысқымыз келмейді.
Мердігерлер алаңның пайдалануға жарайтынын айтып әлек болды. Тіпті, парк қайырымдылық жоба саналғандықтан, оның сапасына шағымданудың қажеті жоқ дейді. Бірақ қала жастары мұнымен мүлдем келіспейді.