CaspianLife, 17 наурыз. Бұл бүгін түнде Атырау–Дамба автожолындағы автожанармай бекетінің жанындағы теміржол өткелінде орын алды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тепловоз бен 2000 жылы туған азамат басқарған Volkswagen Passat маркалы автомобиль соқтығысты. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тиісті материалдар жиналып жатыр.

