Карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Атырауда 17-тамыздан бастап сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмысы қайта жанданады. Оған қоса, қоғамдық көліктер қатынап, мейрамханалар ашылады.
Қойылатын талап бір – санитария нормаларының сақталуы. Ал кәсіпкерлік нысан иелері өз жұмыстарын жалғастыру үшін арнайы электронды платформа арқылы тіркеліп, рұқсат алулары тиіс.
Жанар ДОСЫМБАЕВА, Атырау облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары:
– Шағын кәсіпкерлікке жататын қызметкерлер infokazakhstan электронды платформасы арқылы рұқсат алса жеткілікті. Ал базар сияқты ірі кәсіпкерлік нысандарына Атырау облысының әкімшілігі тарапынан құрылған мобильдік топ алдын ала тексеріс жүргізеді.
Сонымен қатар, алдын ала жазылу арқылы сұлулық салондары, шаштараз, бассейні жоқ фитнес орталықтарына да баруға болады. Ал мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары 15 балаға дейін қабылдайды. Мамандар санитария ережелері сақталмаған жағдайда шектеулердің қайта қатаңдайтынын ескертеді.