Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында:
-
Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі жағдай;
-
рейстері тоқтатылған жолаушыларды қолдау шаралары;
-
жолаушыларды баламалы әрі қауіпсіз әуе бағыттары арқылы Қазақстанға қайтару жөніндегі әуе компанияларының жоспарлары талқыланды.
Қазіргі уақытта келесі мемлекеттерде әуе кеңістігі жабық немесе жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр: Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан.
Осыған байланысты 28 ақпанда аталған елдерден Қазақстанға бағытталған 14 рейс, ал 1 наурызда 12 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар, 2 наурызға Таяу Шығыс елдерінен 13 рейс жоспарланған.
Әуе компаниялары аталған елдердің әуе кеңістігі ашылған жағдайда қайтару рейстерін орындау үшін әуе кемелерін бөлуге дайын екендерін білдірді. Алдағы іс-қимылдар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен үйлестіру арқылы пысықталады.
Жолаушыларға көмек көрсету мақсатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды:
📞 +7 7172 77 98 21
📞 +7 7172 79 82 13
📞 +7 7172 79 82 14
Рейстердің мәртебесіне қатысты жолаушыларға мына байланыс нөмірлеріне хабарласу ұсынылады:
✈️ Air Astana:
+7 727 244 44 77
+7 7172 58 44 77
+7 702 702 44 77
✈️ FlyArystan:
+7 727 331 10 10
WhatsApp: +7 702 702 02 27
✈️ SCAT Airlines:
+7 7252 99 88 80
✈️ Qazaq Air:
+7 727 356 14 14
✈️ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы:
+7 7172 702 999
✈️ Алматы халықаралық әуежайы:
+7 727 228 00 19