CaspianLife, 2 ақпан. Атырау қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтық деректерінің көбеюіне байланысты азаматтарды сақ болуға шақырады. Соңғы жылдары өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстар саны 14 пайызға артқан.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, «… жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 1,2 млрд теңгені құрайды».
Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, алаяқтар азаматтарды алдау үшін әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, жалған сайттар мен хабарламаларды кеңінен пайдаланады. Көбіне олар өздерін банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері немесе таныс адамдар ретінде таныстырып, жеке деректерді, банк карталарының реквизиттерін немесе растау кодтарын алуға тырысады.
Осыған байланысты Атырау қаласының прокуратурасы азаматтарға келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
-
күмәнді сілтемелерге өтпеу;
-
жеке және банктік деректерді бөгде адамдарға бермеу;
-
күдік тудыратын қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу;
-
алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну.