CaspianLife, 15 қаңтар. Бұл оқиға кеше, 14 қаңтарда болды. Атырау халықаралық әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі Алматы – Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсінің қонуын сәтті аяқтап, ұшу-қону жолағын босатқаннан кейін, тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен.
FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеуде.

