Caspianlife, 24 қараша. Бүгін шамамен сағат 09:00-де Баку қаласының Нариманов ауданы, А. Раджабли көшесіндегі бизнес-орталықта болған жарылысқа байланысты Республикалық жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына шақырту түскен.
Бұл туралы Oxu.Az азербайжандық сайты TƏBİB-ке (Медициналық аумақтық бірлестіктерді басқару агенттігі) сілтеме жасап хабарлады.
«Оқиға орнына жедел түрде екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер бес зардап шегушіге (екі ер адам және үш әйел) алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды түрлі дәрежедегі жарақаттармен Клиникалық медициналық орталыққа жеткізді», — деп жазады Oxu.Az.
Сонымен қатар, жарылыс AFEN Plaza бизнес-орталығында болғаны нақтыланды.

