Caspinlife, 4 қараша. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 3 қараша күні жергілікті тұрғындар Каспий жағалауынан 112 өлі итбалықтың денесін тапты.
Өңірлік экология департаментінің мәліметінше, зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко және Баутино елді мекендерінің маңындағы теңіз суынан сынама алған.
Сонымен қатар, балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп жүргізілген мониторинг барысында Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі жағалау сызығында 112 каспий итбалығының өлексесі анықталған. Оның ішінде:
— Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағалауына дейін – 39 өлексe,
— Форт-Шевченко жағалауынан Баутино мүйісіне дейін – 73 өлексe табылған.
Ақпарат хабарлау алгоритміне сәйкес «112» қызметіне жолданды.

