CaspianLife, 1 тамыз. Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Ақтөбе облысы бойынша департаменті Хромтау ауданындағы «Магаджан» бөгетінің бұзылуына байланысты немқұрайлық фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, бөгеттің бұзылуы әкімдік қызметкерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауынан болған. Ол гидротехникалық құрылғының техникалық жағдайын бақылауды қамтамасыз етпеген, тексерулер жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шаралар қабылдамаған.
«Нәтижесінде Алға ауданының ауылдары мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша учаскелері су астында қалды. 215 адам, оның ішінде 96 бала эвакуацияланды. Келтірілген шығын көлемі 211 миллион теңгеден асты», – деп нақтылады агенттік.
Сонымен қатар, сот кінәлі тұлғаға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындағаны хабарланды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.