CaspianLife, 30 маусым. FlyArystan әуе компаниясы шілде айында Қазақстан қалаларынан Грузияның Кутаиси қаласына орындалатын рейстер санын арттырды.
FlyArystan баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша рейстердің ашылуы және олардың жиілігінің 20-дан 60%-ға дейін артуы жолаушылар үшін жазғы сапарларды қолжетімді әрі жайлы етеді. 1–31 шілде аралығында Қазақстанның бес қаласынан Грузияның ірі қалаларының бірі — Кутаисиге ұшатын рейстер жаңартылған кесте бойынша жүзеге асырылады.
Кутаисиге ұшу кестесі:
-
Атыраудан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері;
-
Ақтаудан – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері;
-
Шымкенттен – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
-
Астанадан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.
Кутаисиден ұшу кестесі:
-
Атырауға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері;
-
Ақтауға – сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері;
-
Шымкентке – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
-
Астанаға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.
Алматыдан Кутаисиге ұшу кестесі өзгеріссіз қалды: шілде айында рейстер аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.
Әуе компаниясы билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы, ресми сайты www.flyarystan.com және өзге де сатылым арналары арқылы алуға болатынын еске салды. Стандартты тарифке 5 кг-ға дейінгі және 56 x 23 x 36 см өлшемдегі бір дана қол жүгін алып жүру мен ұшақтағы кездейсоқ орын кіреді. FlyArystan қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеуді ұсынып, бұл тәсіл 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.