CaspianLife, 20 маусым. Air Astana әуе компаниясы Атырау–Дубай бағытындағы рейстердің 28 маусымнан бастап уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Бұл шешім ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты қабылданған.
Сонымен қатар, Air Astana баспасөз хабарламасында Астана мен Алматы қалаларынан Дубайға бағытталған рейстер Иран мен Ирак аумағынан айналып өтіп, жалғасып жатқаны айтылды.
«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы мен Астанадан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта бронь жасау, не болмаса билеттің толық құнын қайтару ұсынылады», – деді әуе компаниясында.