Caspianlife, 26 мамыр. 2024 жылғы 20-21 мамыр күндері Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері шіріген теңіз итбалықтарының өлекселерін тапты.
Қазақстан Республикасы Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы «Асан», «Баутино өткелі», «Ұрдық мүйісі» учаскелерінде жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында инспекторлар 117 өлі итбалық тапқан.
«Шіру дәрежесіне қарағанда, табылған итбалықтар өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында қырылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес, анықталған дерек бойынша барлық құзырлы мемлекеттік органдарға хабар берілді. Өлекселер қатты шірігендіктен, зертханалық сынамалар алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың мамырына дейін Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауынан 2 194 өлі итбалықтың өлексесі табылып, жойылғаны нақтыланды.