CaspianLife, 11 ақпан. 10-нан 11 ақпанға қараған түні Астрахан облысының Знаменск қаласында әуе дабылы жарияланып, тұрғындарға «Баршаңызға назар аударыңыз! Ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) шабуылы қаупі» деген ескерту жасалды.
Бұл туралы ақпарат Знаменск қаласы әкімдігінің ресми Telegram арнасында жарияланды. Бірнеше сағаттан кейін, таңертең «Шабуыл қаупі сейілді» деген хабарлама берілді.
📍 Анықтама:
Знаменск қаласы – Астрахан облысының солтүстігінде орналасқан және Капустин Яр полигонының әкімшілік әрі тұрғын аймағы болып табылады. Қала жабық әкімшілік-аумақтық құрылым (ЖААҚ) мәртебесіне ие.