«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Индер ауданына 7 миллиард теңге бөлінді. Бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, сондай-ақ, инфрақұрылым саласында жинақталған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Біраз елдімекенде жол құрылысының тоқтап қалғанына жарты ғасырдан астам уақыт болған. Бағдарлама шеңберінде 10 әлеуметтік жоба қолға алынды. Бүгінде ауданның 1 200 жұмыссыз тұрғыны екі қолға бір күрек тапқан.
Жеңіс ИҒАЛИЕВ, Индер аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:
– 20 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант алды. 27 адам шағын несиелерін алды. Сонымен қатар, «Бизнес бастау» жобасы бойынша 96 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Күні бүгінге дейін 577 адам осы 10 жобаға жұмысқа тартылған. Жыл аяғына дейін тағы 877 адам толығымен осы бағдарламаның аясында жұмыспен қамтылады деп жоспарлап отырмыз.