Caspianlife, 28 қаңтар. Астрахан облысы Қызылжар ауданы Қараөзек ауылында Атыраудан келген өнертанушы, Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің солисті Ақнар Тәттібайқызының концерті өтті.
Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының хабарлауынша, атыраулық өнерпаз Қараөзек көрермендеріне көне музыкалық аспап – қобызда ойнау шеберлігін көрсетті. Музыкалық кеште қазақ композиторы Ықылас Дүкенұлының (1843–1916) өмір мен өлім жайлы архаикалық сарындары және жануарлар әлемімен байланысты күйлері – «Қасқырдың ұлуы», «Аққу», «Жезкиік» орындалды.
Шараға Қараөзек ауылынан шыққан, Астраханьдағы көмеймен ән айту шебері Әзиз Гулиев те қатысып, қазақстандық өнерпаздың өнер көрсетуін ұйымдастыруға атсалысты.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
Сурет: ҚР Астрахан қаласындағы Бас консулдығының сайты