CaspianLife, 20 қаңтар. Қашаған кен орнынан алынатын шикізат негізінде жылына 700 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газын өндіретін технологиялық кешеннің құрылысы басталды.
Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметі мен Қашаған кен орнының акционерлері арасында аталған кешеннің құрылысы жөнінде стратегиялық келісімге қол жеткізілген.
«2026 жылдан бастап қосымша сұйытылған мұнай газы халықты автогазбен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірде мұнай-газ химиясының дамуына жол ашады», – деп атап өтілген хабарламада.