CaspianLife, 13 қаңтар. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Атырау қаласы мен Мақат ауданында су тарифтері төрт топқа бөлінді – суды тұтыну көлеміне байланысты, деп хабарлайды Аймақтық коммуникациялар қызметі.
Жаңа бекітілген тариф бойынша, адам басына су текше метр құны:
— бірінші топ үшін айына үш текше метрге дейін су тұтынушыларға тариф – 123,20 теңге.
— екінші топ үшін айына 3-тен 5 текше метрге дейін су тұтынушыларға тариф – 147,84 теңге.
— үшінші топ үшін айына 5-тен 10 текше метрге дейін су тұтынушыларға тариф – 184,80 теңге.
— төртінші топ үшін айына 10 текше метр көп су тұтынатын және су есептегіш құралдары жоқ тұрғындарға тариф – 246,40 теңге.
«Биылдан бастап өңірде жаңа су тұтыну коэффициенттері енгізілді, төртінші топ бойынша тарифтер екі есеге артты. Осыған байланысты, есептегіш құралдары жоқ жағдайда төлем айтарлықтай жоғары болады. Сондықтан тек нақты тұтынылған көлем үшін төлеу үшін оларды орнатуды қатты ұсынамыз», — деп мәлімдеді КМК «Атырау облысы Су Арнасы» бөлімінің жетекші маманы Гүльмира Сдыхова.
2024 жылғы желтоқсанда электр энергиясының бағасының өсуіне байланысты КМК «Атырау облысы Су Арнасы» қызметтеріне тарифтерде өзгерістер енгізілді. Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – тұрғындарды суды үнемді пайдалануға ынталандыру: тұтыну көлемі аз болған сайын, тариф арзан болады.