CaspianLife, 23 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеген екі қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл азаматтар 2020-2022 жылдары Сириядағы террористік ұйымдардың құрамында болған. Шетелдік серіктестермен бірлескен операциялардың нәтижесінде олар шетелде анықталып, Қазақстанға жеткізіліп, қамауға алынды. Олардың бірі, Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың қызметіне қатысқаны үшін (ҚК 257-бабы) кінәлі деп танылды.
«Екіншісі, Атырау қаласының тұрғыны, дәл осындай қылмыс жасағаны, сондай-ақ шетелде террористік дайындықтан өткені үшін (ҚК 260-бабы) сотталды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, екі айыпталушыға әртүрлі мерзімге жаза тағайындалғаны және үкімдердің заңды күшіне енгені нақтыланды.
(Көрнекі сурет CaspianLife редакциясының мұрағатынан алынған)